Биылғы жылғы қарашаның 16-19 аралығында «Bolashaq saraiy» жанындағы «Сұңқар» сауықтыру кешенінде, «Ұлттық Мектеп лигасы» бағдарламасында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, асық ату,бес асық ) бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Шараны Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырды.
Облыстың 11 ауданы мен 2 қаласынан 130-дан астам жас спортшылар қатысты. Ал «Bolashaq saraiy» оқушылар сарайының тәрбиеленушілері сынақтан тыс қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстар балаларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тартып, спорт шеберлігін арттырып және салауатты өмір салтын насихаттаумен ғана шектелмей, сондай — ақ ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар үшін бұл іс-шара нағыз алғашқы спорттық мереке болды.
Жарыс барысында Бурабай, Бұланды,Біржан сал, Есіл, Ерейментау аудандары, Көкшетау және Степногорск қ. мектептерінің балалары жақсы нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.