Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті, ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін, банкте берешектің жалпы сомасы 1 млн. 400 мың теңгені құрағанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің 24 жастағы қызы болып шықты.
Қыз жәбірленушіні екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, оның атына карта мен несие рәсімдеген.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері осындай алаяқтық фактілердің құрбаны болып қалмау үшін жеке деректерді, әсіресе жеке басын куәландыратын құжаттар мен банк карточкаларының фотосуреттерін және көшірмелерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертеді.
Қандай да бір алаяқтық анықталған жағдайда, өз банктік шоттарыңызды дереу тексеріп, тиісті органдарға хабарласыңыз