Пятница, 14 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚосшыҚосшы қалалық соты құрылып, судьялары тағайындалды

Қосшы қалалық соты құрылып, судьялары тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының Қосшы қалалық сотын құру және судьяларды тағайындау туралы» 2022 жылғы 8 ақпандағы Жарлығымен Қосшы қалалық соты құрылып, Мерзадинова Динара Сталбекқызы Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен, Халмырзаев Мұрат Мәуленұлы Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, осы соттың судья қызметтеріне тағайындалды», — деді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Қосшы қалалық соты – жалпы юрисдикция соты, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Жеті Жарғы көшесі, 2-үй мекен-жайы бойынша Целиноград аудандық сотының ғимаратында орналасқан.

Қосшы қалалық соты кеңсесінің телефоны: 8-716-51-30-202.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...