10-12 наурыз аралығында Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында офлайн форматта Өмірбек Жолдасбеков атындағы 10-11 сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІ Халықаралық конкурсы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау болып табылады.
Байқауға 2021-2022 оқу жылында өткен республикалық ғылыми жарыстарының облыстық турының І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері және шетел мектептерінен ғылыми жобалардың ұлттық жарыстарының жеңімпаздары атанған 168 қазақстандық оқушы қатысты.
Ақмола облысының намысын Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, механика секциясы бойынша «Авто су құйғыш» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Мухамадиев Диас;
Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, математика секциясы бойынша «Матрицаның популяциялық моделі және оның статистикада қолданылуы» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Текен Ақерке;
Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, қолданбалы математика секциясы бойынша «Мұрал сыры» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Бакбаева Камила;
Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы, қолданбалы математика секциясы бойынша «Тұрғын үй мәселесін шешу» тақырыбындағы ғылыми жобасымен Мәлік Жасұлан қорғады.
Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша Мұхамадиев Диас ІІІ орынды иеленсе, Мәлік Жасұлан грамота иегері атанды.