Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Шортанды ауданының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ұрлық туралы өтінішпен жүгінді.
Азаматша 22-26 сәуір аралығында ауылдардың бірінің құрылыс алаңынан белгісіз біреулер оған тиесілі контейнердің құлпын бұзып, 4 дала шатырын ұрлап әкеткенін хабарлады.
Шығын сомасы 8 млн.500 мың теңгені құрады. Зардап шегушінің сөзінше, 5х7 метр жаңа шатырлар демалушыларды уақытша орналастыру үшін базаға орнатуға арналған және әрқайсысының салмағы 700 келіге дейін жетеді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол Астрахан ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Заттай айғақ ретінде ұрланған шатырлар тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.