Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
9.9 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіКөкшетауда «Жүрекпен есту құдыреті» атты есеп беру концерті өтті

Көкшетауда «Жүрекпен есту құдыреті» атты есеп беру концерті өтті

Балалар жылы аясында облыс орталығында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №4 арнайы түзету мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің жыл сайынғы есептік концерті өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты проблемаларына қоғамның назарын аудару болып табылады.

2021-2022 оқу жылы №4 арнай мектеп-интернатының оқытушылары мен оқушылары уақыттарын әрдайым конкурстарға, фестивальдарға, концерттер мен олимпиадаларға дайындықпен өткізеді. Соның арқасында балалар жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта кету керек.

Оқу жылын қорытындылау, оны үлкен концертпен аяқтау оқытушылар мен оқушылар ұжымының игі дәстүріне айналды. Мектептің жыл сайынғы есептік концерті атқарылған жұмыстардың қорытындысы іспеттес және мектеп оқушыларының жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады.

Концертте мектептің ең жарқын және қызықты қойылымдары, балалардың бір жыл ішінде үйреніп білгендері көрермен назарына ұсынылды. Балаларды қолдап, әндерін тыңдап, жанды концерт көруге ата-аналар мен қонақтар келді. Көрермендер жан-тәнімен, үлкен сахнада алғашқы қадамдарын жасаған балалардың, сондай-ақ, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде жетістікке жеткен балалардың қойылымдарын үлкен ықыласпен қабылдады.

Концертті қазақ халқының тарихын бейнеленген «Аманат» биі ашты. жоғары сынып оқушыларының «Менің Қазақстаным», «Мен қазақпын», «Перемен», «Балаларды құшақтаңыз» әндері көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. «Губки бантиком», «Вальс», «Федерико», «На четвертом этаже» би нөмірлері  концертті одан әрі қыздыра түсті. Концертте орындалған саңырау адамдар әлемі туралы «Голос души» музыкалық-би композициясы тыңдармандар жүрегінен ерекше орын алды.

Оқушылардың сөйлеуін дамыту тұрғысынан логопедтер де өз жұмысын көрсетті. Сахна төрінен балаларға арналған өлеңдер оқылды. Балалардың қатысуымен «Балалық шақ», балалар мен мұғалімдердің қатысуымен «Менің гүлім», «Менің ересек қызым» әдеби монтажы орындалды.

Облыстық полиция департаменті «Родина» әнін орындап, өз шәкірттерін қолдады. Мектеп ұжымының орындауында көрермендерге «Аяулы алақан» биі, сондай-ақ «Возьмемся за руки друзья» ымдау әні ұсынылды.

Концерт соңында мектеп түлектері «Жақсылық жаса» ымдау әнін орындады. Балалар өздерінің концерттік бағдарламасымен барлық көрермендерді, ең бастысы осы оқу жылы бойы оқушылардың жетістігі мен табысқа жетуіне күш-қуат жұмсаған мектеп оқытушыларын қуантты.

Айта кетейік, мектеп-интернатта Көкшетау мен Ақмола облысынан келген жүзге жуық бала білім алады. Бұл есту қабілетінің әртүрлі деңгейлері, ауызша сөйлеуді қалыптастыру, білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бар оқушылар.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...