Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстың орын алғаны туралы 12 мамыр күні хабар түскен. Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, 160 000 теңге ақша қаражаты мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.
Анықталғандай, белгісіз біреулер үй иесінің үйде болмауына пайдаланып, сағат 08:00-14:00 аралығында ұрлыққа түскен. Мұндағы келтірілген шығын көлемі 475 000 теңгеге бағаланды.
Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу шаралары барысында ұрланған зат заттай дәлел ретінде табылып, тәркіленді.
Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.