spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысПәтер ұрлығымен айналысқан көкшетаулық ұсталды

Пәтер ұрлығымен айналысқан көкшетаулық ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстың орын алғаны туралы 12 мамыр күні хабар түскен. Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, 160 000 теңге ақша қаражаты мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Анықталғандай, белгісіз біреулер үй иесінің үйде болмауына пайдаланып, сағат 08:00-14:00 аралығында ұрлыққа түскен. Мұндағы келтірілген шығын көлемі 475 000 теңгеге бағаланды.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу шаралары барысында ұрланған зат заттай дәлел ретінде табылып, тәркіленді.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img