Четверг, 28 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының мәдениет қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады

Ақмола облысының мәдениет қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер үшін Гранитный кентінің түзеу колониясына профилактикалық экскурсия ұйымдастырды.

Қылмыстық-атқару мекемелеріне экскурсияларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің санасына сыбайлас жемқорлық әрекеттердің салдары туралы әсер ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.

Мәдениет басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ аймақтағы мұражайлар, театрлар және кітапханалардың директорлары ЕЦ-166/25 мекемесінің сотталғандарын ұстау шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Шенеуніктер сотталғандарға арналған жатақханалар, асхана, медициналық бөлім, серуендеуге арналған алаң орналасқан тұрғын аймаққа барды. Мекеменің асханасында қамаудағыларға арналған ас мәзірі көрсетілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер «өнеркәсіптік аймаққа» барды, онда сотталғандар жиһаз, ағаш және тігін цехтарында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылардың алдында сыбайлас жемқорлық үшін сотталған, өз уақытында басшылық қызмет атқарған облыстың бұрынғы мемлекеттік қызметшісі өкініш сөз сөйледі.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған іс-шараның кездейсоқ ұйымдастырылмағанын атап өтті.

«Профилактикалық экскурсиялар мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін құқықтық статистика мәліметтерін, қабылданған сот үкімдерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын ескере отырып жүргізіледі. Соңғы бірнеше жылдың ішінде мәдениет саласының 6 басшы лауазымды тұлғасына қатысты 9 қылмыстық іс өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісінде болды. Сондықтан, біз мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын көрнекі түрде көрсеттік. Мұндай тәжірибені түрлі сала қызметкерлерін тарта отырып, тұрақты негізде қолдану жоспарланып отыр», — деді Айдос Жақиялин.

Айта кету керек, түзеу мекемесінің қабырғасындағы сотталғандардың өмірімен танысу мәдени қызметкерлерді таң қалдырды, өйткені ешкім темір торға қамалғысы келмейді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...