Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
15.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының мәдениет қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады

Ақмола облысының мәдениет қызметкерлері түрмеге экскурсия жасады

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер үшін Гранитный кентінің түзеу колониясына профилактикалық экскурсия ұйымдастырды.

Қылмыстық-атқару мекемелеріне экскурсияларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің санасына сыбайлас жемқорлық әрекеттердің салдары туралы әсер ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.

Мәдениет басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ аймақтағы мұражайлар, театрлар және кітапханалардың директорлары ЕЦ-166/25 мекемесінің сотталғандарын ұстау шарттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Шенеуніктер сотталғандарға арналған жатақханалар, асхана, медициналық бөлім, серуендеуге арналған алаң орналасқан тұрғын аймаққа барды. Мекеменің асханасында қамаудағыларға арналған ас мәзірі көрсетілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер «өнеркәсіптік аймаққа» барды, онда сотталғандар жиһаз, ағаш және тігін цехтарында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылардың алдында сыбайлас жемқорлық үшін сотталған, өз уақытында басшылық қызмет атқарған облыстың бұрынғы мемлекеттік қызметшісі өкініш сөз сөйледі.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған іс-шараның кездейсоқ ұйымдастырылмағанын атап өтті.

«Профилактикалық экскурсиялар мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін құқықтық статистика мәліметтерін, қабылданған сот үкімдерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын ескере отырып жүргізіледі. Соңғы бірнеше жылдың ішінде мәдениет саласының 6 басшы лауазымды тұлғасына қатысты 9 қылмыстық іс өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өндірісінде болды. Сондықтан, біз мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын көрнекі түрде көрсеттік. Мұндай тәжірибені түрлі сала қызметкерлерін тарта отырып, тұрақты негізде қолдану жоспарланып отыр», – деді Айдос Жақиялин.

Айта кету керек, түзеу мекемесінің қабырғасындағы сотталғандардың өмірімен танысу мәдени қызметкерлерді таң қалдырды, өйткені ешкім темір торға қамалғысы келмейді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...