Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор мемлекеттік органдардың басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін жауапкершілік...

Антикор мемлекеттік органдардың басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салады. Дегенмен, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтағандай, бұл талапты барлығы бірдей сақтай бермейді.

Мониторинг барысында 10 мемлекеттік қызметшіде және оларға теңестірілген тұлғаларда жеке кәсіпкер мәртебесінің болу фактілері анықталды. Олардың 50% – ы басшылар. Барлық әкімшілік материалдар бойынша соттар айыппұл салу туралы қаулы шығарды.

Осылайша, облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірінің қызметкері мемлекеттік қызметші бола отырып, салық органдарында ЖК ретінде тіркелген, сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 154-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (ҚР заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аймақтық қызметтің осы фактіні уақтылы анықтауының арқасында лауазымды тұлға кәсіпкерліктен кіріс алып үлгермеді. Айыптыға 200 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны міндетті түрде тапсырады.

Алайда, мониторингте белгіленгендей, облыстың жергілікті атқарушы органдарының 4 басшысы заңнаманы бұза отырып, тұлғалардан тиісті декларацияларды қабылдамай, оларды лауазымға тағайындаған.

Мемлекеттік органдардың басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы) 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік орган басшыларының қаржылық бақылау шараларын қабылдамауы мақсатында Департамент облыс әкімі орынбасарының, мемлекеттік орган басшыларының, аудандар мен қала әкімдерінің, сондай-ақ жұртшылықтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әкімшілік заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың неғұрлым ауыр сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы алдын алуға мүмкіндік беретін пәрменді алдын алу шараларының бірі болып табылатынын атап өткен жөн. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...