Ақмола облысы прокуратурасы облыс орталығының тұрғындарына санаторлық-курорттық емделу бойыша әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне талдау жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың басынан бастап көрсетілетін әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың құқықтарын шектегені анықталды.
Қалалық және аудандық Мәслихаттар санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек қарастырмай, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітті.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұқтаж адамдарға санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 1 479 ардагердің құқықтары қалпына келтірілді.
Ақмола облысының баспасөз қызметі.