Ақмола облысының прокуратурасымен тұрақты негізде еңбек заңнамасын сақтау мәселесі бойынша талдау жүргізілуде.
Талдау барысында жалақы төлемеу фактілері анықталды.
Атбасар ауданының Есенгелді ауылында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында «Tlekei-Agro» ЖШС-де жалақы бойынша ағымдағы берешек анықталды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында прокуратура Облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша 8,2 млн.теңге мөлшеріндегі жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді.
Барлығы қабылданған шаралар арқылы прокуратура 4 642 азаматтың құқығын қорғады.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі