Жұма, Мамыр 3, 2024
5.9 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңҚауіпсіз жол: өткен аптада Ақмола жолдарында полицейлер 3,6 мыңнан астам жол ережесі...

Қауіпсіз жол: өткен аптада Ақмола жолдарында полицейлер 3,6 мыңнан астам жол ережесі бұзушылықтарын анықтады

19 шілде мен 18 тамыз аралығында полиция департаментінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейді: бір ай ішінде өңірде «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Оның мақсаты-жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.
Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және патрульдік полиция жасақшаларының бірлескен күш-жігерімен аварияның алдын алудың басым бағыттары бойынша жұмыс жандандырылды: мас күйінде көлікті басқару, қозғалыс жылдамдығының белгіленген шегінен асып кетудің және басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін қолдану және ұялы телефонмен сөйлесу.

Жеті күннің қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері облыстағы апаттылық деңгейіне айтарлықтай әсер ететін 3 680-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, оның ішінде 62 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, 17 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде, жылдамдық режимін асыру бойынша 1741 факті, аталған бұзушылықтар «Ekin Patrol» кешенімен анықталды, 684 автокөлік иесі қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 44–і бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен. Тағы 18 жүргізуші өз көлігін тиісті рұқсатсыз заңсыз қайта жабдықтағаны үшін, 8 – і авариялық жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартылды, бір автокөлік жүргізушісіне қарсы жолға шыққаны үшін айыппұл салынды.

Жаяу жүргіншілердің белгіленген ережелерді сақтауы да ерекше назарда. Акцияның жеті күнінде 450-ден астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзып, өз өміріне қауіп төндірді, тағы 51 көлік иесі жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін жауапқа тартылды.

Анықталған бұзушылықтардың қатарында жалған немесе жасанды нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын басқарудың 17 фактісі және жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 4 фактісі бар.

Өткен аптада полиция қызметкерлері 145 апатты-қауіпті жол учаскелерін тексерді, қосымша 13 жол белгілері орнатылды.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...