Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарЭкономикаҰлттық экономика министрі Ақмола облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

Ұлттық экономика министрі Ақмола облысының ауыл тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Шортанды ауданының тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралады.

Министрмен кездесуге келген жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, су, жылу және электрмен жабдықтау мәселелері көтерілді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауылда, әсіресе жазғы маусымда, ауыз су жиі болмай қалады.

Бүгінгі күні облыс әкімдігі тарапынан су құбыры желілерін қайта құру жобасы әзірленуде. Ол аудан орталығын сумен жабдықтау мәселесін шешуі тиіс.

Ә.Қуантыров, сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда, ҰЭМ әкімдікпен бюджеттік өтінімді уақытында уәкілетті органға (ҚР ИИДМ) ұсыну мәселесін пысықтайды деп сендірді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары қазандық салу және көп пәтерлі үйлерді орталық жылуға қосу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады.

Министр Шортанды ауданы Дамса ауылындағы орталық қазандық пен жылу желілері құрылысының жобасы жан-жақты қарастырылатынын айтып, осы сұрақты бақылауға алатынын атап өтті. Жобаны қаржыландыру жоспарлы тәртіппен қаралатын болады.

Өз кезегінде, Төңкеріс станциясының тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты желілерді қайта құру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Ә.Қуантыров бұл мәселе келесі жылы облыстық әкімдіктен бюджеттік өтінім түскеннен кейін міндетті түрде қарастырылатынын айтты.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Шортанды кентіндегі «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 254 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген Демалыс орталығын аралады.

Жаңартылған орталықтың инфрақұрылымы заманауи талаптарға сәйкестендіріліп, барлық жастағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орынға айналды.

Кешен көрермендер залымен, көркемөнер шеберханасымен, би студиясымен, кітапханамен және коворкинг-орталықпен жабдықталған. Балаларға арналған театр, домбыра, хореография, эстрадалық ән айту мен әйелдер вокалдық тобы секілді үйірмелер қайта іске қосылды.

Өңірде бұқаралық спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық экономика министрі жұмыс сапары аясында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен стадионға барды.

Жалпы сыйымдылығы 1250 орын болатын аренада заманауи жасанды төсем орнатылып жаңа жүгіру жолдары салынды.

Жалпы, ағымдағы жылдың бес айында Шортанды ауданында 4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгені құрады, жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 6,3%-ға артты. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету — 100% құрайды.

t.me/presseconomy

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...