Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайАқмолалық өрт сөндірушілер Қостанайдан үйлеріне оралды

Ақмолалық өрт сөндірушілер Қостанайдан үйлеріне оралды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының тұрғындары өз батырларын қарсы алуда, Ақмолалық өрт сөндіруші-құтқарушылар жеті күн ішінде Қостанай облысындағы өртті сөндіріп, үйлеріне оралды, — деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақмолалықтар Ақмола мен Қостанай облысының шекарасында Есіл қаласында өрт сөндірушілерді құрметпен қарсы алды.  Көкшетау қаласына кіре берісте өрт сөндірушілерді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев, ТЖД қызметкерлері, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясы курсанттарының оркестрі және өрт сөндіруші-құтқарушылардың туыстары қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Қостанай облысында ірі табиғи өртті ауыздықтауға қол жеткізіліп келесі күні Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД мен Солтүстік Қазақстан облысы өңірлерінен келген құтқарушылар үйлеріне жол тартса, Ақмолалық құтқарушылар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін жұмысын жалғастырған болатын.

«50 ақмолалық өрт сөндіруші-құтқарушы мен 8 техника бір апта бойы өрт сөндіруде болды. Біздің өрт сөндірушілер Бағаналы кентіне 100 метр жақын болған өртті сөндіруге шынжырмен тұрған, қауіп төнген кезде барлық өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегінің арқасында ірі орман өртін сөндіру мүмкін болды. ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың және Департамент аппаратының атынан өртті жоюға қатысқан әрбір өрт сөндірушіге алғыс айтамын», — деді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Еске сала кетейік, 02 қыркүйек күні Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, Басаман КШШ аумағында алдын ала болжам бойынша 600 га алаңда ағаштар мен құрғақ шөптер өртенген, өрт сөндіру желдің екпіні мен +36 градус қатты ыстықпен күрделене түскен. Өңірде өртті екі мыңнан астам адам мен 250-ден астам техника сөндірген болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...