Отбасы күнін мерекелеу аясында Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі шаңырақ» облыстық фестиваль байқауының жүлдегерлері марапатталды.
Бірлігі жарасқан, берекелі, өнерлі отбасыларын дәріптеу, олардың кәсіби өсуіне және шығармашылығана көмек керсету, отбасы институтын нығайту және дамыту, қоғамдағы әке мен ананың мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға Ақмола облысының барлық қала, аудандарынан қатысуға ниет білдірген өнерлі жанұялар қатысты.
Байқау онлайн форматта қатысушыларды іріктеу, гала концерт және қатысушыларды марапаттау тәрізді екі кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушылар өз отбасыларын таныстырды, үй тапсырмасы мен шығармашылық нөмірін көрсетеді, сонымен қатар қазылар алқасы мен көрермендерге ән, би, музыка, бейнелеу өнеріндегі таланттарын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Басты жүлде — «Өнерлі шаңырақ» — Шаимовтар отбасы, Егіндікөл ауданы.
«Өнегелі отбасы» — Дауыл отбасы, Целиноград ауданы.
«Мерейлі отбасы» — Калибаевтар отбасы, Зеренді ауданы.
«Парасатты отбасы» — Сафоновтар отбасы, Атбасар ауданы.
«Жомарт отбасы» — Дәулет отбасы, Ақкөл ауданы.
«Үлгілі отбасы» — Бабажановтар отбасы, Жақсы ауданы.
«Дәстүрге берік отбасы» — Сейдабзаловтар отбасы, Аршалы ауданы.
«Зейінді отбасы» — Сакеновтар отбасы, Бурабай ауданы.
«Шеберлер отбасы» — Ахмет отбасы, Шортанды ауданы.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.