Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында кадрлық резерв құрылады

Ақмола облысында кадрлық резерв құрылады

Ақмола облысы әкімдігінің жанынан аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері қатарынан облыс әкімінің кадрлар резерві құрылатын болады. Бұл елдегі алғашқы аймақтық жобалардың бірі. Негізгі мақсаты – көпфункционалды міндеттерді шешуге қабілетті және мемлекеттік басқару моделін іске асыру үшін қажетті құзыреті бар басшылар пулын қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның құрамына облыс әкімі аппаратының және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола филиалының өкілдері кірді.

Үміткерлердің жобалық жұмыстарын іріктеу кезеңі басталды. Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша 39 қатысушыдан 25 адам сұхбатқа жіберілді. Келесі кезеңде әңгімелесу және құзыреттерді бағалау жүргізіледі, оны үміткерлер Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оффлайн форматта өтеді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...