Четверг, 5 декабря, 2024
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында тағайындалған облыстық сотының судьясы және аудандық соттарының төрағалары таныстырылды

Ақмола облысында тағайындалған облыстық сотының судьясы және аудандық соттарының төрағалары таныстырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов облыстың сот корпусына тағайындалған облыстық сотының судьясы мен аудандық соттарының төрағаларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен:

— Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне Олжас Сүлейменов Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды;

— Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Жапарова;

— Бурабай аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Әбимұратова;

— Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметіне Дамиля Нәукенова Абай облысы Бородулиха аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

— Қорғалжын аудандық сотының төрағасы қызметіне Серік Төлеев Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды.

Арман Жүкенов тағайындалған облыстық соттың судьясы мен жергілікті соттардың төрағаларын жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сотқа сенімін нығайтуды аса маңызды міндеттері ретінде белгілей отырып, жемісті жұмыс, сот төрелігін адал жүзеге асыруды тіледі.

Құттықтау сөзін сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов сөйледі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Баубек батырдың 200 жылдығына арналған «Азат рухты Баубек батыр» облыстық ақындар айтысы өтті

Дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, жас ұрпақты халқына, туған жерге деген...

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...