Үстіміздегі жылдың 4 ақпанында облыс орталығының 83 жастағы тұрғыны Алла Никитовна Волкова заңдастырудан сәтті өткен Қазақстандық нөмірлердің бақытты иегерлерінің қатарын толықтырды.
1 ақпанда зейнеткер мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, әкімшілік полиция қызметкерлері ақмолалыққа оның «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігін заңдастыру үшін қандай құжаттар ұсыну керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Көлік Ресей Федерациясында есептен шығарылмағаны белгілі болды.
Алла Никитовна қызымен бірге көрші мемлекетке барып, автокөлікті есептен шығарып, 4 ақпанда тағы да мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінді. Өтініш берген сәттен бастап қазақстандық нөмірді алғанға дейінгі уақыт бір сағаттан аспады. Тәртіп сақшылары әйелдерге нөмірді көлікке қоюға көмектесті. Ақмолалықтар полицейлерге алғыстарын білдіріп, оларға денсаулық пен жұмыста табыс тіледі:
«Көңілдері мен қамқорлығы үшін көп рахмет. Барлығы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қазір міне, жігіттер нөмірді орнатуда. Барлығы жылдам, тез».
Заңдастыру акциясы басталғаннан бері Ақмола облысында 618 көлік тіркелген, оның 553 – і Ресей Федерациясынан, 62 – сі Армения Республикасынан, 2-сі Грузиядан және 1-і Моңғолиядан әкелінген.