spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетау қаласының 83 жастағы тұрғыны қазақстандық нөмірге ие болды

Көкшетау қаласының 83 жастағы тұрғыны қазақстандық нөмірге ие болды

-Жарнама -spot_img

Үстіміздегі жылдың 4 ақпанында облыс орталығының 83 жастағы тұрғыны Алла Никитовна Волкова заңдастырудан сәтті өткен Қазақстандық нөмірлердің бақытты иегерлерінің қатарын толықтырды.

1 ақпанда зейнеткер мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, әкімшілік полиция қызметкерлері ақмолалыққа оның «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігін заңдастыру үшін қандай құжаттар ұсыну керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Көлік Ресей Федерациясында есептен шығарылмағаны белгілі болды.

Алла Никитовна қызымен бірге көрші мемлекетке барып, автокөлікті есептен шығарып, 4 ақпанда тағы да мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінді. Өтініш берген сәттен бастап қазақстандық нөмірді алғанға дейінгі уақыт бір сағаттан аспады. Тәртіп сақшылары әйелдерге нөмірді көлікке қоюға көмектесті. Ақмолалықтар полицейлерге алғыстарын білдіріп, оларға денсаулық пен жұмыста табыс тіледі:

«Көңілдері мен қамқорлығы үшін көп рахмет. Барлығы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қазір міне, жігіттер нөмірді орнатуда. Барлығы жылдам, тез».

Заңдастыру акциясы басталғаннан бері Ақмола облысында 618 көлік тіркелген, оның 553 – і Ресей Федерациясынан, 62 – сі Армения Республикасынан, 2-сі Грузиядан және 1-і Моңғолиядан әкелінген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img