Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауМамырдың 1-не дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

Мамырдың 1-не дейін ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін өңірдің автомобиль жолдарында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктердің  қозғалысына шектеу енгізілді және ол 2023 жылғы 23 наурыздан 1 мамырға дейін қолданылады.

«Ауыр жүк көлігінің қозғалысы бойынша шектеулер халықаралық тасымалдарға, сондай — ақ жол құрылысына қажетті және төтенше жағдайлардың алдын алу немесе жою үшін қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек және жүктерді тасымалдауға қолданылмайды», — деп атап өтті «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ы Ақмола облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен өңірлік көліктік бақылау инспекторлары бірлесіп, автомобиль жолдарындағы ауыр жүк көлігі қозғалысына мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында мамандар жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасы мен тасымалдау ережелеріне қойылатын талаптардың сақталуын бақылайды. Сондай — ақ, көлік құралдарының салмағы мен олардың габариттік өлшемдері өлшенеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...