Пятница, 22 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша алғашқы сенбілік өтті

Көкшетауда санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша алғашқы сенбілік өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше,  іс-шараның басты мақсаты – қала көшелері мен тұрғын үй аулаларын  күл-қоқыстан тазарту. Акцияға қатысушылар көгалдарды, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды және суағарларды тазалады.

Көкшетау әкімдігінің дерегі бойынша, облыс орталығы амуағы 218 шағын учаскеге бөлініп, мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық кәсіпорындарға, ПИК, МИБ, заңды және жеке тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға бекітілген.

«Жалпы қала аумағы ұйымдарға бекітілген шағын учаскелерге бөлінді. Қаланы көктемгі кезеңге дайындау бойынша уақтылы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қаланың коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Жалпы қалалық сенбілік аяқталғаннан кейін кәсіпорындардың күшімен қала көшелерінен және қызмет көрсету учаскелерінен жиналған қоқыстар шығарылды», — деп түсіндірді әкімдіктен.

Сенбілікке белсенді қатысушылардың бірі жастар болды. Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының бастамасымен оқу орындарының студенттері Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауды тазартты.

«Мұндай іс-шаралар бізбен жиі өткізіледі, біз өзіміз табиғат үшін алаңдаймыз, туған қалаға бей-жай қарамаймыз. Дәстүр бойынша, көктемнің келуімен біз көшелерді қыста қалған қоқыстардан тазартамыз. Акцияның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын демалыс орындарының қоқыспен ластану проблемасына аудару, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу», — деп атап өтті ұйым басшысы Дастан Ермеков.

Айта кетсек, акцияға қаланың коммуналдық кәсіпорындарынан 35 арнайы техника жұмылдырылып, 22 контейнерлік алаң тазартылды және 40 жуық жүк көлігіне тиелген қоқыс қала сыртына шығарылды.

.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...