Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
2.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша алғашқы сенбілік өтті

Көкшетауда санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша алғашқы сенбілік өтті

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше,  іс-шараның басты мақсаты – қала көшелері мен тұрғын үй аулаларын  күл-қоқыстан тазарту. Акцияға қатысушылар көгалдарды, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды және суағарларды тазалады.

Көкшетау әкімдігінің дерегі бойынша, облыс орталығы амуағы 218 шағын учаскеге бөлініп, мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық кәсіпорындарға, ПИК, МИБ, заңды және жеке тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға бекітілген.

«Жалпы қала аумағы ұйымдарға бекітілген шағын учаскелерге бөлінді. Қаланы көктемгі кезеңге дайындау бойынша уақтылы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қаланың коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Жалпы қалалық сенбілік аяқталғаннан кейін кәсіпорындардың күшімен қала көшелерінен және қызмет көрсету учаскелерінен жиналған қоқыстар шығарылды», – деп түсіндірді әкімдіктен.

Сенбілікке белсенді қатысушылардың бірі жастар болды. Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының бастамасымен оқу орындарының студенттері Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауды тазартты.

«Мұндай іс-шаралар бізбен жиі өткізіледі, біз өзіміз табиғат үшін алаңдаймыз, туған қалаға бей-жай қарамаймыз. Дәстүр бойынша, көктемнің келуімен біз көшелерді қыста қалған қоқыстардан тазартамыз. Акцияның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын демалыс орындарының қоқыспен ластану проблемасына аудару, қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу», – деп атап өтті ұйым басшысы Дастан Ермеков.

Айта кетсек, акцияға қаланың коммуналдық кәсіпорындарынан 35 арнайы техника жұмылдырылып, 22 контейнерлік алаң тазартылды және 40 жуық жүк көлігіне тиелген қоқыс қала сыртына шығарылды.

.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....