Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамСпортАқмолалықтар кір тасын көтеруден ел чемпионатында жеңіске жетті

Ақмолалықтар кір тасын көтеруден ел чемпионатында жеңіске жетті

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Петропавл қаласында жасөспірімдер, қыздар мен ардагерлер арасында кір тасын көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 300-ден астам спортшы қатысты.

Ақмола облысынан Сандықтау, Астрахан, Жарқайың және Целиноград аудандарының спортшылары қатысты.

Оның ішінде Ернұр Дәрменов, Арнұр Есенбаев, Аманқұл Әбуәли, Дарья Бродовская, Медина Әшімова, Максим Смелов, Эвелина Богдасарова және Жамбыл Оспанов чемпион атанса,  Әлихан Берлігожин, Ғылым Нұрғанибек, Владислав Полухин және Анастасия Успеньева күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге, Виктор Шидловский, Анатолий Шидловский, Мирман Бақытжан, Дәулет Серікбаев және Алина Мартюшева қола жүлдегер атанды.

Спортшылар бапкерлері Сергей Прохоров, Халибек Салтанат, Бақтияр Жұмабеков, Асхат Әшімов және Владимир Прохоровтың жетекшілігімен жаттығады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...