Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
6 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген

Ақмола облысында кәсіпкерлерге жарты жыл бойы қоқыс шығарғаны үшін негізсіз ақы есептелген

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне «Атамекен» ӨКП аудандық филиалы арқылы Атбасар қаласының кәсіпкерлері олармен тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету туралы жария шартты заңсыз жасасқаны үшін шағым түсірді.

Өткен жылдың қыркүйегінде қаланың коммуналдық кәсіпорны ҚТҚ жинау және әкету бойынша қызметтер көрсетуге арналған жария шартты жасап, баспа басылымына орналастырды. Осы құжатқа сәйкес 40-тан астам кәсіпкерлер көрсетілген шарттар бойынша қызметтер үшін төлеуге міндетті.

Алайда, Экологиялық кодекстің 367-бабына сәйкес тұрғын үйлерде немесе жеке ғимараттарда қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалармен және ЖК-мен жария емес, жеке шарт жасалады. Жария шарт тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларға ғана қолданылады.

Өз кезегінде, қоқыс шығаратын компания жария шарттың талаптарына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлерден соманы негізсіз өндіріп алды және жағдайды реттеу үшін тиісті шаралар қабылдамады. Айта кетейік, Атбасар ауданында қоқыс шығару үшін төлем облыстағы ең жоғары төлемдердің бірі болып қала береді.

Департаменттің бастамасы бойынша бұл мәселе облыс әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.

Өңірдің Антикоррупциялық қызметі, прокуратура, «Атамекен» ӨКП және Атбасар ауданы әкімдігінің бірлескен жұмысы шеңберінде бизнес субъектілері үшін ҚТҚ әкетуге туралы жария шарттың талаптары сот тәртібімен жарамсыз деп танылды.

Енді Атбасар кәсіпкерлері өз мүдделерін ескере отырып және тараптардың өзара жауапкершілігі шарттарында қоқыс шығаруға жеке шарттар жасай алады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...