Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАзаматтық қоғамның белсенділігі

Азаматтық қоғамның белсенділігі

Бүгінгі таңда  қарқынды дамып отырған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам жайлы бірер сөз айтуды жөн көрдім.

Азаматтық қоғамы алға баспаған  ел уақыт, заман  талабына сай дамуы қиын болады екен деген тұжырымға тоқтадым.

Осы мәселе туралы Мемлекет басшысы  Қ.К. Тоқаев  кезекті Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген еді.

Президенттің бұл сөзі халық пен ел билігінің ортақ мүддеге ықпалдасып, қоғамдағы белсенді азаматтардың заң аясында бірлесе атқаратын істерінің  маңыздылығы байқалады.

Азаматтық қоғам белсенді болса адам капиталы, әлеуметтік-экономикалық даму, демократия негіздері Отан игілігіне айналуының алғышарттарының бірі болып саналады. Осы жерде азырақ тарихқа үңіле кетейік.

Тарихи деректемелерге сүйенсек азаматтық қоғам ұғымының пайда болуы жөнінде ұлы ойшыл ежелгі жəне орта ғасыр ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас болыпты. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі деп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір деңгейде болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы  өте ертеде пайда болған екен. Грек əлемінің данасы Аристотель өз еңбектерінде азаматтық қоғам туралы пікірлері, жеке тұлғаға байланысты айтқан екен.

Азаматтық қоғам мемлекеттен тəуелсіз нарықтық экономиканы, əлеуметтік топтарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін жəне азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Бұл сөздерді айтқан неміс философы Гегель.

Азаматтық қоғам ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі ел тұрғындарының азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пен қоғамның əлеуметтік саладағы жұмыстарының деңгейі анықталады. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеалдық жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мəнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Өтелбай Бейсенов, Бурабай аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...