Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарАйдарсызЖедел жәрдемге жол бер – адам өмірін құтқар!

Жедел жәрдемге жол бер – адам өмірін құтқар!

Барлық дерлік көлік жүргізушілері жедел жәрдемге жол бермейді. Кейбіреулер оған тіпті кедергі жасайды, жолын жауып, алдына тұрып алады. Бұл сынды фактілерді облыстық жедел жәрдем қызметкерлері мен полицейлер бірлескен рейд барысында анықтады. Мамандардың айтуынша, бұл оқиға орнына жедел жәрдемнің келуін кешіктіріп, зардап шеккендерге медициналық көмекті күту уақытын ұзартуы мүмкін, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Облыстық жедел жәрдем станциясы басшылығының айтуынша, олардың бригадаларының кеш келуі көбінесе жүргізушілердің жол бермеуі және қозғалысқа кедергі келтіруінен болады. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметі халықтың сынына ұшырап жатады. Жедел жәрдем көліктерінің қатысуымен осындай жол-көлік оқиғалары да талай болған. Мысалы, өткен жылы 6 жол көлік оқиғасы орын алды, биыл жедел жәрдем бригадаларының көлігі қатысуымен жолдарда 3 апат болды. Мұндай ЖКО алдын алу мақсатында Көкшетауда Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп профилактикалық рейд жүргізілді.

Рейд барысында қала көшелерімен полиция патрульдерінің сүйемелдеуімен жедел жәрдем көлігі іске қосылды. Белгілі болғандай, барлық автокөлік жүргізушілері тәртіпті сақтай бермейді. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес маяктар мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер оларға кедергісіз өтуге мүмкіндік беруге міндетті. Жедел жәрдем экипаждарының қозғалысына кедергі келтірген бірнеше жосықсыз жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылды .

-Мұндай рейдтер Ақмола облысы бойынша тұрақты негізде жүргізілетін болады. Олардың мақсаты-жүргізушінің жедел жәрдем көлігіне жол беру тәртібін бақылау. Не дегенмен, біз үшін адам өмірі бәрінен де маңызды. Жүргізуші келе жатқан жедел жәрдемді көргенде, сиренаның дауысын естігенде, жол беруге заң тұрғысынан міндетті. Бұл тәртіп қазірдің өзінде Еуропа елдерінде және ТМД-да бар. Біз мұндай тәжірибені Ақмола облысында енгізгіміз келеді. Жүргізуші тәртібі міндетті болуы керек, – деп атап өтті Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Рейдке төрт полиция патрульі және бір жедел жәрдем көлігі қатысты. Тексеру жұмыстары барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабына сәйкес (арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарына жол бермеу) 3 әкімшілік хаттама жасалды.

-Біз полицейлерге рейдті бірге өткізгені үшін алғыс білдіреміз және осы ыснды іс-шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі өткізіліп тұрады деп үміттенеміз. Автокөлік жүргізушілерінің жол қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін сезінуі жол-көлік оқиқаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауы маңызды, – деп толықтырды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Денсаулық сақтау басқармасы барлық автокөлік жүргізушілерін жол ережелерін сақтауға және жолда байқаған бойда науқасқа асыққан қызметтік көлікке жол беруге шақырады. Төтенше жағдайда әр секундтың маңызды екенін және адамдардың өмірі мен денсаулығы жолдағы жүргізушілердің әрекетіне тікелей байланысты болуы мүмкін екенін түсінген абзал.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...