Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖастар мемлекеттік қызметке қызығушылық танытуда

Жастар мемлекеттік қызметке қызығушылық танытуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде соңғы курс студенттеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңке барысында Департамент өкілдері студент жастарды мемлекеттік қызметке орналасу және оны өткеру тәртібімен, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары қолданып отырған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларымен таныстырды.

Департамент өкілдері мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғары көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алатындарын түсіндірді.
«Осындай бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері түлектерге жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, бос жұмыс орындарымен танысуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беріп, жастардың жұмысқа орналасуына септігін тигізеді» — деп есептейді Департаменттің ресми өкілі Жазира Сейтмағанбетова.
Жәрмеңкемен 300-ден астам студент қамтылды.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...