Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңКөкшетауда құқықтық тәртіп және азаматтардың құқықтарын қорғау ведомстволарының өкілдері марапатталды

Көкшетауда құқықтық тәртіп және азаматтардың құқықтарын қорғау ведомстволарының өкілдері марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс азаматтарының құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіп ведомстволарының қызметкерлерімен кездесті.
Өңір басшысы құттықтау сөзінде алдағы мерекемен құттықтап, адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

«Туған жер мен Отанды қорғау – бұл өшпес өсиет, ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған қасиетті дәстүрі. Сондықтан бүгінде біздің жауынгерлер ата-бабаларымыздың ержүрек дәстүрлерін абыроймен жалғастырып, әскери борышқа, антқа адал қызмет етеді. Осы мереке күні біз өмір бойы әскери қызметке арнаған және өз қызметін мінсіз атқарған сарбаздарымыз бен жауынгерлерімізге алғыс айтамыз. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігіміз қорғалсын, ал ұлттық армиямыз, халқымызды қорғау өркендесін», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Кездесу барысында Ақмола облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Талғат Тұрабай, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Мұса Елеусізов, Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 4 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Мадина Адентаева, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімнің аға инженері Кирилл Гребенников сөз сөйледі және жұмыстағы қиындықтар мен ерекшеліктермен бөлісті.

Іс-шара бірқатар ақмолалықтарға ведомстволық медальдармен және облыс әкімінің алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...