Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотАлаяқтық жасағаны және мүлікті жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

Алаяқтық жасағаны және мүлікті жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

Аршалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы «А.» мемлекеттік меншіктегі газ тарату станциясының ғимаратын бұзып, бөлшектеуді «Ж.» мен «Н.»-ға ұсынған және рұқсат қағазы үшін олардан 12 миллион теңге сұрады. Алдын ала төлем ретінде «А.» олардан 4 миллион теңге алып, бүзу құқығын беру туралы жалған анықтама берді. Кейін, «А.» оларға объектіні бұзудың орнына жалға алуды ұсынып, олармен 30 жылға мүліктік басқару шартына қол қойысты, бұл үшін тағы ақша талап еткен.

Осылайша, «А.» қызметтік бабын пайдалана отырып, ірі көлемде алаяқтық жасады (ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігінің 1),2)-тармақтары).

Сонымен қатар, «А.» өз танысынан 11 000 000 теңге қарыз алып, оған ТКШ бөлімінің балансында тұрған генераторлық қондырғыны кепілге берген. Сөйтіп, «А.» мемлекетке 1 322 381 теңге сомасында материалдық залал келтіріп, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған (ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағы).

«А.»-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, айғақтарды тексеру және нақтылау хаттамаларымен, құжаттарды алу және қарау хаттамасымен, қабылдау-тапсыру актісімен, тексеру хаттамасымен, сарапшылардың қорытындыларымен, аудиторлық есеппен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот жеңілдететін мән-жайларды – оның жас балалары бар екенін және ауырлататын мән-жайларды – мемлекеттік қызметшінің антын бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауын ескерді.

Сот үкімімен «А.»-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысының
Аршалы аудандық соты

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...