Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқырман хатыКөкшетаулықтардың жанайғайы: соғыс кезіндегідей өмір сүріп жатырмыз

Көкшетаулықтардың жанайғайы: соғыс кезіндегідей өмір сүріп жатырмыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласының орталығындағы Центральный шағынауданы тұрғындарының қала әкіміне өкпесі қара-қазандай.

Редакциямызға хат жазған тұрғындардың айтуынша, қала әкімінен бастап, барлық салалық бөлімдердің басшыларын көкшетаулықтардың жайлы тұрмысы мен түйіткілді мәселесі қызықтырмайды, тек астындағы креслосы мен қалың қалтасы үшін ғана үшін жұмыс істейді.

Центральный шағынауданда Абылай хан көшесі мен Ғабдуллин көшелерінің қилысар тұсынан «Шах» дәмханасы арқылы өтетін қара жол бар. Бұл қара жол сол маңда жаңадан салынған бес қабатты Центральный 24А және 24Б екі тұрғын үй арқылы Жансая тұрғын үй кешеніне апарады. Апарады деген жәй құрғақ сөз ғана, толарсақтан саз кешіп, сорлап барасын.

Бұл жолдан шалғайдағы ауылдың қара жолы анғұрлым артық көрінеді. Ойдым-ойдым болып тұрған бұл жолдан жаяу адам түгілі танк өте алмайды.

Жердің ойылып қалғандығы соншалықты жеңіл көліктердің асты тіреліп, бампері жұлынып түседі. Қаланың орталығы болса да, таксилер бұл жерге мүлдем жоламайды. Ал, жаяулар болса, абайлап жүрмесе, сүрініп құлап әлек.

«Ашыңғандықтан бұлай қатты айтып отырмын. Қаланың қақ ортасы деген аты ғана. Күн сайын әуеден жаңбырша ракета құлап жатқан Украина қалаларынан еш айырмашылығымыз жоқ. Соғыс кезіндегідей өмір сүріп жатырмыз. Үйге кіріп, шығар көшеміздің сау-тамтығы жоқ, тап бір снаряд түскендей. Жолдың үстінен танк жүріп өткендей, ойық шұңқырлар жеңіл машинаның есігінен келеді. Жолдың шеті тау тау болып үйілген күл-қоқыс, адам бойынан асатын қамыс. Темір тұлпарымыздың түбін қырып, әбден сындырып бітіретін болдық. Апта сайын станцияға барып жөндетеміз. Осыны бір ретке келтіретін адам жоқ па? Миллиондап айлық алып отырған әкім қайда, оны тыңдайтын салалық бөлім басшылары мен мамандары қайда?», – дейді қала тұрғыны Гүлбаршын Қасенова.

Айта кетсек, бұған дейін Центральный шағынауданында, Абылай хан көшесі мен Ғабдуллин көшелерінің түйісер тұсынан бастап, ескі зират пен Жансая тұрғын үй кешені аралығын қалың қамыс басып кеткенін жазған едік. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі бұл мәселені шешеміз деген еді. Содан бері екі ай өтті, еш нәтиже жоқ.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...