Жексенбі, Мамыр 19, 2024
17.5 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсыАқмола облысы шаруаларының күзгі егін орағына дайындығы қалай

Ақмола облысы шаруаларының күзгі егін орағына дайындығы қалай

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Жақсы ауданының Белағаш ауылында өткен дәстүрлі облыстық агрокеңесте Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі негізгі міндеттер мен егін жинау науқанын өткізуге дайындық барысы қаралды.

Агро кеңес жұмысына өңірдің 120-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара «Урожай», «Айбат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу нысандарының өндірістік қызметімен, сондай-ақ «AgroComplexExpert» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрохимиялық зертханасымен танысудан басталды.

Сонымен қатар, қатысушылар әлеуметтік нысандарға, соның ішінде «Жақсы» сауда үйіне, спорттық-жаттығу кешеніне және басқа да нысандарға барды. Жиындағы алғы сөзінде Ермек Маржықпаев агрокеңестің «TNK» – «Белағаш» агрофирмасында өтуі кездейсоқ емес екенін атап өтті.

«Компания тобы заманауи технологияларды тек өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуде де белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді», – деп атап өтті өңір басшысы.

Кеңесте егін жинау жұмыстарын барынша ұйымшылдықпен сапалы жүргізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша дайындық пен міндеттер қаралды. Осы тақырыпта облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов баяндама жасады.

«Көктемгі егіс жұмыстары бойынша кешенді шаралар және егінге уақытылы күтім жасау өңірде астық дақылдарының 45,4 пайыз жақсы, 50,4 пайыз қанағаттанарлық жағдайда болуына мүмкіндік берді. Облыстың барлық аудандары тамыздың екінші онкүндігінде жаппай астық жинауды бастайды», – деді Кенеш Әлімжанов.

Егін жинауға 8,9 мыңнан астам комбайн, оның ішінде 4,7 мыңнан астам бірлік қазіргі заманғы өнімділігі жоғары комбайн жұмылдырылады. Бүгінде техника жүз пайызға дайын. Егін жинауға мемлекет дизель отынының арзандатылған көлемін (90,5 мың тонна) бөлді. Астықты қабылдауға жалпы сыйымдылығы 4,7 миллион тонналық 71 астық қабылдау пункті қатысады.

Агрокеңес барысында А.Бараев атындағы астық шаруашылығы Ғылыми өндірістік орталығының директоры Тимур Савин баяндама жасады. Ол егін жинаудың стратегиясы, тактикасы және ұйымдастырылуы туралы айтып берді.

Ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары туралы «Агрофирма TNK» ЖШС бас директоры Батырбек Уәлиев, ҚР АШМ АӨК облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Қанат Айтқожин шегіртке зиянкестеріне қарсы өткізілген фитосанитариялық іс-шаралармен, Ш.Уәлиханов университетінің ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, агроном ғалым Әбілжан Құсайынов Ақмола облысының жайылымдық жерлерін басқару мен ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері туралы бөлісті.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі егін жинауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды, машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмысты жалғастыруды, астық пен тауарлық кредиттерді форвардтық сатып алу бағдарламалары шеңберінде кредиттік қаражатты толық қайтаруды тапсырды.

Ермек Маржықпаев барлық диқандарға ауыл шаруашылығы жылының негізгі науқанын ойдағыдай өткізіп, жақсы өнім алуларына тілектестік білдірді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...