Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы Көкшетау қаласының Гуманитарлық-техникалық академиясының оқытушыларымен және студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды новеллалары туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен қағидаттары бар өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамның парасаттылық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Стратегиялық құжатта отбасы институты арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту, құндылықтарды өзгерту және академиялық адалдықты нығайту мәселелеріне қатысты бірқатар түзетулер көзделген.
Сондай-ақ спикер кездесуге қатысушыларды Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы және «Бизнеске жол» жобасы аясында азаматтар мен кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Бұдан басқа, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне кеңінен тарту мақсатында тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске асырылуда. Жобаның бағыттарының бірі — зерттеу және білім беру, оның аясында білім беру ұйымдарының әлеуеті арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешімдерді әзірлеу және сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу, студенттерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізуге тарту көзделген.
Соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылуға ниет білдірді.