Ақмола облысының Антикор волонтерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Біржан сал ауданы Бұланды ауылының мектебін салу кезінде бұзушылықтарды анықтады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев атап өткендей, бұзушылықтар жұмыс мерзіміне де, әлеуметтік нысан құрылысының сапасына да қатысты.
Мысалы, шатырдың байланыстырушы түйіндерінің ақаулардың болуы, сондай-ақ төбенің ағаш конструкцияларын отқа төзімді өңдеу орнатылмады және спортзал қабырғаларын салу аяқталмады. Құрылыс жұмыстары кестеден артта қалып жүргізілуде.
Антикор волонтерлері тиісті шараларды қабылдау үшін Мемлекеттік-сәулет бақылау басқармасына ұсынымдар жолдады. Уәкілетті органның жүргізілген тексеруі жобалық шешімнен ауытқуларды және мердігер ұйым тарапынан құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылғанын растады.
Нәтижесінде құрылыс саласындағы заңнаманы бұза отырып жұмыстарды орындағаны үшін (ӘҚБтК-нің 312-бабы) мердігерге айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
«Қазіргі уақытта 120-ға жуық ақмолалықтар жемқорлыққа қарсы волонтерлер ретінде әлеуметтік нысандарды, бюджет қаражатының жұмсалуын мен мемлекеттік сатып алу порталын бақылайды, тегін құқықтық көмек көрсетеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — шаралар өткізеді және жобаның бағыттары бойынша басқа да мәселелерге қатысады», — деп атап өтті брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин.
Айта кетейік, а.ж. тамыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамның барлық топтарын жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тартуды көздейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда. Сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын кез келген азамат Антикор волонтері бола алады, ол үшін облыстық Департаментке жүгіну қажет.