Жексенбі, Мамыр 5, 2024
4.9 C
Kokshetau
9 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында Антикор волонтерлері мектеп құрылысы кезінде заң бұзушылықтарды анықтады

Ақмола облысында Антикор волонтерлері мектеп құрылысы кезінде заң бұзушылықтарды анықтады

Ақмола облысының Антикор волонтерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Біржан сал ауданы Бұланды ауылының мектебін салу кезінде бұзушылықтарды анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер, «Әділдік жолы» РҚБ филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев атап өткендей, бұзушылықтар жұмыс мерзіміне де, әлеуметтік нысан құрылысының сапасына да қатысты.

Мысалы, шатырдың байланыстырушы түйіндерінің ақаулардың болуы, сондай-ақ төбенің ағаш конструкцияларын отқа төзімді өңдеу орнатылмады және спортзал қабырғаларын салу аяқталмады. Құрылыс жұмыстары кестеден артта қалып жүргізілуде.

Антикор волонтерлері тиісті шараларды қабылдау үшін Мемлекеттік-сәулет бақылау басқармасына ұсынымдар жолдады. Уәкілетті органның жүргізілген тексеруі жобалық шешімнен ауытқуларды және мердігер ұйым тарапынан құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылғанын растады.

Нәтижесінде құрылыс саласындағы заңнаманы бұза отырып жұмыстарды орындағаны үшін (ӘҚБтК-нің 312-бабы) мердігерге айыппұл салынды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

«Қазіргі уақытта 120-ға жуық ақмолалықтар жемқорлыққа қарсы волонтерлер ретінде әлеуметтік нысандарды, бюджет қаражатының жұмсалуын мен мемлекеттік сатып алу порталын бақылайды, тегін құқықтық көмек көрсетеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – шаралар өткізеді және жобаның бағыттары бойынша басқа да мәселелерге қатысады», – деп атап өтті брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин.

Айта кетейік, а.ж. тамыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамның барлық топтарын жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тартуды көздейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда. Сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын кез келген азамат Антикор волонтері бола алады, ол үшін облыстық Департаментке жүгіну қажет.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...