Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс – шарасы өтті.
Жастардың патриоттық санасын оятуға, тұғырлы тұлғаның жауынгерлік жолын өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған игі шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, «ҚР Қорғаныс күштері РҚБ Ақмола облысы филиалының төрағасы, запастағы полковник Жанат Ережепов, «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері»» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Жоғары әскери-техникалық мектебінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Дуанбай Ыбрай, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы 5510 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бастығының көмекшісі, майор Думан Кәрібаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Айдос Әбілтаев, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының аға оқытушысы, азаматтық қорғау капитаны Арман Рахым, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тағылымды шара барысында жиналғандарға Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаяны туралы қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мен «ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Щучье филиалының курсанттары арнайы дайындаған «Ел қорғаны — Жас сарбаз» тақырыбындағы бейнероликтер ұсынылды.
Спикерлер Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының атынан Алғыс хаттармен мараптталып, іс -шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Айгүл Үстембек, «Қоғамдық даму орталығы» КММ-нің Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы.