Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауС.Нұрмағамбетов -100 жыл: Көкшетауда «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс...

С.Нұрмағамбетов -100 жыл: Көкшетауда «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс – шарасы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат  Нұрмағамбетовтың  100 жылдық  мерейтойына орай «Батырлардың даңқы мәңгілік» атты әскери – танымдық іс – шарасы өтті.

Жастардың патриоттық санасын оятуға, тұғырлы тұлғаның жауынгерлік жолын өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған игі шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, «ҚР  Қорғаныс  күштері  РҚБ Ақмола облысы филиалының  төрағасы, запастағы полковник  Жанат  Ережепов, «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері»» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Жоғары әскери-техникалық мектебінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Дуанбай Ыбрай,  Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы 5510 әскери бөлімінің  тәрбие  және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бастығының  көмекшісі, майор Думан Кәрібаев, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ  ардагерлермен жұмыс қызметінің бастығы, майор Айдос Әбілтаев, ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, тілдер және психологиялық дайындық кафедрасының аға оқытушысы, азаматтық қорғау  капитаны Арман Рахым, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тағылымды шара барысында жиналғандарға Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаяны туралы қысқаметражды бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мен  «ҚР Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Щучье филиалының курсанттары  арнайы дайындаған «Ел қорғаны – Жас сарбаз» тақырыбындағы бейнероликтер ұсынылды.

Спикерлер Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының атынан Алғыс хаттармен мараптталып, іс -шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айгүл Үстембек, «Қоғамдық даму орталығы» КММ-нің Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...