Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметДипломмен ауылға: 52 жас мемлекеттік қызметшіге көтерме жәрдемақы төленді

Дипломмен ауылға: 52 жас мемлекеттік қызметшіге көтерме жәрдемақы төленді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді.

Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит — 1500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде он бес жылға дейінгі мерзімге 0,01% мөлшерінде жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі.

Әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарға қолданылмайтынын атап өткен жөн. Бұл шаралар E-G-3, E-G-4 санаттарындағы мемлекеттік қызметтің бас және жетекші мамандары үшін қарастырылған.

Соңғы үш жылда Ақмола облысында 52 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 14 мемлекеттік қызметшіге 64 004 000 теңге мөлшерінде бюджеттік кредит, 46 мемлекеттік қызметшіге — 15 202 000 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада мемлекеттік қызметшілерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында және өзге де заңнамада айқындалатын тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, белгіленген тәртіппен мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызметтер алу мүмкіндіктері көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге штат кестесі қысқартылған, мемлекеттік орган таратылған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу, қайта ұйымдастырылған жағдайда басқа да тең дәрежелі лауазым беру, ал тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда — өзге де мемлекеттік лауазым ұсыну көзделген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...