Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметІссапар шығындарының және еңбек демалысы ақысының уақытылы төленбеу фактілері анықталды

Іссапар шығындарының және еңбек демалысы ақысының уақытылы төленбеу фактілері анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

2024 жылдың І жартыжылдығы ішінде Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 20 мәселе қаралды, оның ішінде 3 мәселе мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер, ал 17 мәселе профилактикалық сипаттағы тақырыптар. Тәртіптік істерді қарау нәтижесінде уәкілетті тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар жіберіліп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

«Мәселен, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметтік автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін атқарған қызметінен босатылды, ал Бурабай кентінің әкіміне сметалық құжаттамада көзделмеген қосымша жұмыстарды жүргізу туралы негізсіз талаптар үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұдан басқа, Қоянды ауылының әкімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстардың нақты орындалуынсыз оларға мерзімінен бұрын ақы төлегені үшін «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды» — дейді спикер.

Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша анықталған құқық бұзушылық фактілері қаралды. Мысалға, мемлекеттік қызметшілерге 243 700 теңге мөлшерінде қызметтік іссапар шығыстарын уақтылы төлемеудің 95 фактісі және мүлде төлемеудің 8 фактісі анықталды. Департаменттің араласуынан кейін аталған төлемдер толық мөлшерде жүргізілді.

Бұдан басқа, спикердің айтуынша, бірқатар мемлекеттік органдарда іссапар шығыстарын уақтылы төлемеу фактілері, кейбір мемлекеттік органдарда жыл сайынғы еңбек демалыстарына уақтылы ақы төлемеудің 33 фактісі анықталды. Талдау қорытындысы бойынша және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде 41 қызметшіге жалпы сомасы 400 мың теңгеге іссапар шығыстарының тиесілі сомасы және еңбек демалысын уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төленді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес шығарған ұсынымдар негізінде 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу тәжірибесіне талдау жүргізіліп, нәтижесінде 1 839 747 теңгеге сыйақыларды заңсыз төлеудің 15 фактісі анықталды. Негізсіз төленген сыйақы сомаларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілді.

Бүгінгі таңда әдеп бұзу фактілерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау – Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...