Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлық«Астана-Қорғалжын» және «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы кезінде...

«Астана-Қорғалжын» және «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасының барысына ашық бақылауды қамтамасыз ету үшін мониторингтік жұмыс тобын құрды.

Мониторинг жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» филиалдары, жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерінің, жұртшылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қатысуымен бірлесіп жүргізіледі.

Бүгінгі күні өңірде республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеу мониторингпен қамтылған.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың 24 маусымы мен 31 шілдесі аралығында мониторингтік топтың шығуы барысында Бурабай ауданындағы «Щучинск-Николаевка» автожолына күрделі жөндеу жүргізу, «Астана-Қорғалжын», «Жақсы-Державинск» және «Көкшетау-Атбасар» автожолдарына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ Бұланды ауданы Вознесенка ауылындағы автожолдағы көпір салу кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталған болатын.

Осылайша, жолдан су бұру жүйесінің және резервтік жол тегістегіштің жоқтығы, бетон тіреуіш пен көпір тірегінің ақаулары, жолдарда шұңқырлардың болуы, жұмыс жүргізу журналдарының болмауы анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша ақау актілері толтырып, мердігерлерге ескертулерді ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін жою жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде мониторингтік топ аталған кемшіліктердің жойылуына мониторинг жүргізді.  Мониторинг нәтижелері бойынша ескертулер мен кемшіліктер жойылды.

Сонымен қатар, «Астана-Қорғалжын», «Көкшетау-Атбасар» республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу кезінде өзге де бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, жабын қабатын төсеу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдерін сақтамау салдарынан негізгі төсемнің жоғарғы қабатынан қиыршық тасты және тұтқыр затты қабыршақтау, жер төсемінің батпақтануына байланысты шұңқырлардың пайда болуы.

Енгізілген ескертулердің орындалуы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен жұртшылықтың ерекше бақылауында.

Айта кететіні, мониторингтік топтың сапарлары олардың құрылысы мен реконструкциясы толық аяқталғанға дейін ай сайын өткізілетін болады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...