Суббота, 1 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметДепартамент 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

Департамент 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас тартылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтарын қалпына келтірді.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, шартты ұзарту ауыл тұрғындары үшін 8 жұмыс орнын сақтап қалуға, сондай-ақ жер учаскесін жалға алған 10 жыл ішінде 1,5 миллиард теңгеден астам кіріс алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, 10 жыл ішінде жер учаскесін пайдалану барысында кәсіпорын жалдау шарты бойынша міндеттемелерді адал орындап келген, жалдау ақысын, бюджетке салықтарды уақтылы төлеген, сондай-ақ жерді мақсатына сай пайдаланған.

Алайда, әр түрлі дәлелді себептерге байланысты шаруашылық Бұланды ауданының жергілікті атқарушы органын жаңа мерзімге шарт жасасу ниеті туралы уақтылы хабардар етпеді, бұл жалға алуды ұзартудан бас тартуға негіз болған.

Әкімдіктің бас тартуына шаруа қожалығы Департаментке шағыммен жүгінді.

Жер заңнамасына сәйкес жер пайдаланушы жер қатынастары саласындағы уәкілетті органды жалдау шартын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде ұзарту ниеті туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

Сонымен қатар, жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының) басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы болады.

Шағымды қарау барысында шаруа қожалығының шарттық міндеттемелерді тиісінше орындауы, сондай-ақ жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануы әкімдіктің өзімен расталды.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз ететіндігі көзделген.

Әкімдіктің шаруа қожалығымен жалдау шартын ұзартудан бас тарту туралы шешімі жалғыз себеппен, яғни өтініш берушінің жалдау шартының жарамдылық мерзімін өткізіп алуы заңның бұл талаптарына сәйкес келмейді, өйткені жергілікті атқарушы орган шағымды қарау кезінде өзіне жүктелген жалдау шартының жағдайларын адал орындап келген қызмет алушыға ауыртпалық тудырады.

Осыған байланысты, бас тартуды Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мөлшерлестік қағидатына сәйкес емес деп танып, Департамент аудан әкімдігіне өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім енгізді.

Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган кәсіпкермен жер учаскесін жаңа мерзімге жалға алу шартын жасасты.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментімен жұмыс уақытының режимін сақтау және мемлекеттік органдардың қашықтықтан жұмыс істеуін қолдану жөніндегі қызметтің 2024 жыл бойынша қорытындысы талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар-кеңес ұйымдастырып, онда жұмыс уақыты...

Департаментом АДГС по Акмолинской области подведены итоги деятельности по соблюдению режима рабочего времени и применения дистанционной работы за 2024 год

Департаментом Агентства по делам государственной службы по Акмолинской области организован семинар-совещание для заместителей руководителей государственных органов, руководителей аппаратов и уполномоченных по этике, где были...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...