Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБұланды«Nur Otan»: тұрақтылық, сенім, нақты бағыт

«Nur Otan»: тұрақтылық, сенім, нақты бағыт

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қанат Мусин және Умар Шоназаров буландылық партия белсенділерімен кездесіп, еліміздің саяси аренасындағы салмақты саяси күш – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басымды бағыттарына тоқталып, партияластарды алдымыздағы ірі саяси додада жетістіктер мен нақты істер партиясын қолдауға шақырды.

Қанат Мусин және Умар Шоназаров – азаматтық ұстанымы жоғары, ел үшін адал қызмет етіп келе жатқан жан-жақты тұлғалар. Қай лауазымда болса да, халықтың пікірі мен мұқтажын назардан тыс қалдырған емес.

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап, оның ішінде өңірімізге қатысты ауқымды жобалар мен маңызды міндеттерге баса назар аударды. Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшіне, осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналғанын, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.

Штаб мүшелерінің сөздеріне бұландылылық партияластар тарапынан аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру саласының ардагері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Людмила Ширинская қосылып, сайлауалды штабының жасап жатқан іс-шараларына оң баға беріп, саулауда «Nur Otan» партиясын шын ниетпен қолдап, дауыс беретінін айтты.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Шахман Құсайынов Бұланды ауданында партия қолдауымен жасалып жатқан игі істерге тоқталып, халықтың қолдауымен әлі де талай белестерден көрінетін партияға жеңіс тіледі.

Кездесу соңында республикалық сайлауалды штабының мүшелері бұландылықтарға еңбектеріне табыс тілеп, ауданымыз аграрлы-өндіріс бағытында болғандықтан жыл сайын қамбаға алтын астық молынан құйылып, өндірістік кәсіпорындар үлкен жетістіктерімен қуанта берсін деген ақ тілегін жолдады. Ең бастысы – халықтың бірлігі мен татулығы орын алған жерде, ырыс та, береке де болмақ.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...