Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсы"Nur Otan" партиясымен бірге - жаңа жетістіктерге жетеміз!

«Nur Otan» партиясымен бірге — жаңа жетістіктерге жетеміз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Гүлден Есмұратқызы Мұхамбетжанова – партияның белсенді мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты, Жақсы ауданы Остров орта мектебінің директоры, қазіргі уақытта облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, сайлауалды үгіт — насихат жұмысын белсенді жүргізуде.

Ол тұрғындармен жиі кездесіп, «Есіктен – есікке» акциясына да қатысып, сайлаушылардың үйлерін аралап, «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан және әлі де атқаратын жұмыстары жайында баяндап, үгіт-насихат материалдарын үлестірді.

Сайлаушылармен кездесу барысында Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының жетістікке жетелейтін жеті бағытының басымдықтарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Гүлден Есмұратқызы білім беру қызметкері ретінде балалар мен жастардың дұрыс қалыптасуына, олардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, әрі қарай жұмысқа орналасуына, сапалы білім алуына және рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлес қосқысы келетінін айтып өтті. Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер барлық өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп,алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуы үшін

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға және нақты істер партиясы — «Nur Otan» партиясын таңдауға шақырды!

«Nur Otan» партиясымен бірге — жаңа жетістіктерге жетеміз!

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...