Кез келген сайлау науқанының саяси-маңызды кезеңдерінің бірі — сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары болып табылады.
Бүгін, 21 желтоқсанда, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Төлегенұлы Байбуров және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қасымхан Ерахметұлы Мажиков «Кәсіпкер» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективаларын талқылады.
- «2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өміріміз мен басымдықтарды өзгертті, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы — адам өмірі мен денсаулығы екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ карантин мен шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін, сондай-ақ біздің ауданымызды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!»-деп түйіндеді депутаттыққа үміткер, «Мейірім-Бурабай» Мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ төрағасы Қанат Төлегенұлы.
«Aqua Innovation Company» ЖШС директоры болып табылатын кәсіпкер Арман Табулдин да өз пікірімен бөлісті: - «Басқа бірде-бір партия мұндай міндеттемелерді өзіне алмайды және «Nur Otan»партиясы сияқты бизнес үшін сонша мүмкіндіктер жасамайды!».
Үгіт-насихат кездесуін аяқтаған Қасымхан Ерахметұлы: - «Партия баршаға ашық! Біз сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Біз сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Сіздерді 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз».
«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.