Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемКарантин: Әлем елдері коронавируспен қалай күресіп жатыр

Карантин: Әлем елдері коронавируспен қалай күресіп жатыр

Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбритания COVID-19 таралуы бойынша әлемде төртінші орынға шықты: мұнда 4 миллионға жуық адам індетті жұқтырған. Қайтыс болғандар саны бойынша ел бесінші орында – 112 мыңнан астам адам.

Британдықтар Еуропадағы ең нашар көрсеткішке ие, ел локдаун режимінде өмір сүруді жалғастыруда. Дүкендердің көпшілігі жабық, оқушылар қашықтан оқып жатыр, мейрамханалар және кафелер тек өзімен алып кету режимінде жұмыс істеп тұр.

Ирландия үкіметі бұрын-соңды болмаған қадам жасады, Солтүстік Ирландия тұрғындарына себепсіз кіруге тыйым салды. Ережені бұзушыларға дүйсенбіден бастап 100 еуро айыппұл салынады. Ирландия үкіметі ел аумағында эпидемиологиялық қауіптің бесінші (ең жоғары) деңгейін жариялады және пандемия басталғаннан берігі ең қатаң карантин енгізде. Атап айтқанда, ирландиялықтарға үйінен 5 шақырымнан астам қашықтыққа ұзап шығуға тыйым салынды.

Дүйсенбіден бастап Франция мектептерінің оқушыларына қолдан жасалынған бетперделерді тағуға тыйым салынды. Бұдан былай мектепке тек медициналық маскалармен келуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Франция билігі барлық саланың қызметкерлеріне асхана мен кафеге бармай-ақ жұмыс орнында түскі ас ішуге мүмкіндік беру үшін еңбек заңнамасын қайта қарауға кірісті.

Австрияда мұражайлар, хайуанаттар бағы мен дүкендер ашыла бастады, бірақ бір уақытта келушілер санына шектеулер енгізілді. Шаштараздар мен сұлулық салондары жұмысқа қайта оралды, бірақ келушілерден Covid-19 сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген анықтама талап етіледі. Бетперде тағу барлық қоғамдық орындарда міндетті болып табылады және бұл бір реттік медициналық бетперделер емес, сүзгісі бар күрделі дизайндағы маскалар болуы керек. Мейрамханалар мен қонақ үйлер әлі де жабық.

Оңтүстік Корея астанасында індеттің белгілері бар мысықтар мен иттерді коронавирусқа тестілеу науқаны басталғаны туралы хабарланды. Сеул билігі үй жануарларына адамдарға қойылған ережелердің қолданылуы керек деп санайды: үй жануарларын серуендету кезінде иелері олардың басқа жануарлар арасындағы екі метр қашықтықтың сақталуын қадағалап, тест оң нәтижелі болған жағдайда екі аптаға толығымен оқшаулануы керек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...