Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАлғыс айту күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Алғыс айту күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Шақырылғандардың ішінде: Трищ Павел Станиславович — мемлекеттік қызмет ардагері, Ақмола облысы поляктар бірлестігінің құрметті мүшесі, Яндиев Герихан Ибрагимович -Ақмола облыстық «Вайнах» шешен — ингуш этномәдени қоғамының төрағасы, Нагачевская Наталья Михайловна — Ақмола облысы поляктар бірлестігінің төрағасы.

Департамент басшысы Берген Беспалинов Алғыс айту күні – бұл ерекше мағына мен рухани қуанышқа толы, толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезімдерін нығайтатын мереке екенін атап өтті.

Кездесу қонақтары депортация жылдарында қоныс аударушыларды қолдағандары үшін Қазақстан халқына шексіз ризашылықтарын білдірді. Мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Павел Станиславович Қазақстандағы өз өмірінің тарихы туралы айтып берді.

«Ұлтым поляк. Қазақстанда туып өстім. Менің ата-бабаларым 1936 жылы Батыс Украинадан жер аударылды. Мен қазақ халқына бізді паналағаны, аяққа тұруға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. Қиын кезеңдер болды. Бірақ Қазақстан халқының бірлігі мен достығының, сондай — ақ Елбасының сауатты экономикалық саясатының арқасында біз бұл қиындықтарды еңсердік», — деп атап өтті П.Трищ.

Сондай-ақ, ол Қазақстан туралы, достық пен Туған жерге деген сүйіспеншілік туралы өз өлеңдерімен бөлісті.

Герихан Ибрагимович өз халқын депортациялау туралы толығырақ айтып берді. Оның отбасы Қазақстанға 1944 жылдың ақпан айында қоныс аударған. Барлық қоныс аударушылар сияқты өте үлкен шығындарға ұшырап, көптеген қиыншылықтардан өтті. Ол қоныс аударушылардың тарихын есте сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу өте маңызды деп есептейді.

Наталья Нагачевская поляктардың өміріндегі қызықты оқиғаларды айтты. Оның айтуынша, біздің елімізде өмір бойы поляктар қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп, сүйді. Өз кезегінде Ақмола облысы поляктарының бірлестігі халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық байланыстарды дамытумен, поляк тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесумен, қазақстандықтарды Польшаға оқытуға даярлаумен және жіберумен айналысады.

Кездесу өте жайлы әрі жылы атмосферада өтті. Соңында Б.Беспалинов қонақтарға қоғамдық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Жазира Тоқтар,

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...