Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

Ақмола облысында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, Көкшетау қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі тарапынан ұйымдастырылған байқауға облыстың 11 ауданы мен Көкшетау және Степногорск қаласынан 20-29 жас аралығындағы 12 жігіт қатысты.

Байқаудың мақсаты – жастардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, салт-дәстүрлерді сақтау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу болып табылады.

Байқауға облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры, халықаралық «Жігіт сұлтаны» байқауының жүлдегері – Нұрбек Нұралин, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің басшысы – Марал Жақыпова, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы–Уәлихан Галиев, облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының бөлім басшысы, республикалық «Жігіт сұлтаны» байқауының жүлдегері – Асылбек Әбенов, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, «Серпер», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлықтарының иегері, «Шабыт» халықаралық фестивалінің Гран-При иегері – Алмас Темірбай байқауға төрелік етті.

Байқау екі кезеңмен өткізілді. Бірінші күні қатысушылар Краснояр селосындағы ипподромда өткен «Алғыр жігіт» (жамбы ату, аударыспақ) және «Білекті жігіт» (кір тасын көтеру, армрестлинг) сайыстарында ептіліктері мен шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.

Ал «Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында өткен екінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, «Білікті жігіт» сайысында салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысында өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша «Жігіт сұлтаны» Бас жүлдесіне Манарбек Аманкелді (Краснояр ауылы) лайық деп танылды. «Білекті жігіт» аталымында – Саят Жүзжасаров (Сандықтау ауданы), «Өнерлі жігіт» аталымында – Ақылдас Сематай (Зеренді ауданы), «Білікті жігіт» аталымында – Төрежан Бейсембаев (Қорғалжын ауданы), «Алғыр жігіт» аталымында – Наурызбай Әбдібай (Егіндікөл ауданы) жеңімпаз атанды.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастыру алқасының бағалы сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...