Жұма, Мамыр 3, 2024
3.1 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында  Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауға бағытталған 12 қоғамдық кеңес құрылды

Ақмола облысында  Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауға бағытталған 12 қоғамдық кеңес құрылды

Қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы сондай-ақ, жұмыс  ережелері бүгін облыстық партия филиалы төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың  төрағалығымен өткен облыстық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында  бектілді.

«Партия Көшбасшысы қойған міндеттерді ескере отырып, ең алдымен партияның сайлау алдындағы уәделерінің орындалуына жүйелік бақылау, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі мен ашықтығына бақылау қамтамасыз етіледі. Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының осы шешіміне байланысты партиялық кураторлар институтының орнына Cайлауалды бағдарламаның нақты бағыттарының орындалуын бақылау негізінде 12 қоғамдық кеңес құрылды. Кеңестер қазіргі барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалық етуімен құрылып отыр. Олардың құрамына белсенді партия мүшелері, праймеризге қатысушылар,  олардың   этникалық құрамы, қызмет саласы ескеріле отырып  30% әйелдер мен 20% жастардан құрылды»,- деді өз сөзінде өңір басшысы Ермек Маржықпаев.

Жалпы, аталған Қоғамдық кеңестер Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, өңірде партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз етеді. Олардың міндетіне өңірлік дамуды жетілдіру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды, нақты   шешімдерді әзірлеу үшін диалог алаңына айналып, сарапшылар қауымдастығын өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қолдау көрсету міндеттері жүктеліп отыр.

Кеңестердің төрағалығына партия депутаттары мен белсенділерінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшыларынан іріктелген тиісті саланы жетік меңгерген тәжірибелі азаматтар ұсынылып, Бюро шешімімен «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағалығына – Айнагүл Балташева, «Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» жөніндегі кеңес төрағасы – Сергей Кистин, «Білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасына –Марат Сырлыбаев, «Денасулық сақтауды дамыту» жөніндегі кеңес төрағасына Ерлан Аяғанов, «Әлеуметтік мәселелерді дамыту» бағытындағы кеңес төрғасына – Елена Мащинская, «Өңірлік даму» жөніндегі кеңес төрағасына – Қайрат Сұлтанов, «Аграрлық секторды дамыту» – Умар Шоназаров, «Экология жөніндегі» кеңес төрағасына Мәриям Әбішева, «Жастарды қолдау» кеңесін Әділ Жұмабаев,   «Партиялық бақылау» комиссиясы төрағалығына Талғат Жүнісов төрағалық етсе, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен «Miras» аймақтық кеңесін тиісінше Асқарбек Әміржанов  пен Азамат Біржанов  жетекшілік етеді.

Сонымен қатар,  Бюро отырысында есеп беру-сайлау науқанының уақыты бекітілді. Сонымен, 19-29 сәуір аралығында бастауыш ұйымдарының жиналыстары, 26 – 28 сәуірде аумақтық филиалдардың есептік-сайлау конференциялары, сәуірдің соңында облыстық ХХVІІ конференциясы өтеді.

Партиядағы есептік-сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өтіп жатыр. Есепті кезеңдегі жұмыстар бағалаған соң партия мүшелері БПҰ төрағаларын сайлайды немесе оларды қайта сайлап, Саяси кеңестер мен бюроның құрамын жаңартады. Барлық ұйымдастырушылық процедуралар «партияны жаңғырту» контекстінде өтуде. Сайланбалы органдардың қызметіне негізінен жастар, әйелдер, халық арасында беделге ие белсенді азаматтық позициясы бар адамдар сайланады.

 

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...