Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты.
Оның айтуынша, оқу жылының басынан бері оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың зертханалық расталған 1249 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық режимде оқитын оқушылар арасында-510, қашықтықтан оқитын оқушылар арасында-739. Соңғы апталарда мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 258 жағдайы тіркелді, оның ішінде 110 жағдай офлайн және 148 жағдай онлайн режимінде. Ал соңғы тәулікке келетін болсақ, оқушылар арасында аурудың 28 жағдайы тіркеліп отыр. Оның 7-і штаттық режимде, 21-і онлайн режимде оқитын оқушылар арасында. Оқу жылының басынан бері жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері арасында COVID-19 ауруының 482 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық офлайн режимінде – 245, онлайн режимінде – 236.
«Қазіргі уақытта өңірде коронавирустық инфекция жағдайларының тіркелуіне байланысты жеті мектеп қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, оның ішінде Зеренді ауданында — 2, Ақкөл ауданында -1, Қорғалжын ауданында -1, Бурабай ауданында -3. COVID-19 зертханалық расталған барлық жағдай бойынша балалар арасында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі», — деді Айнагүл Мусина.